Мамандар күзде иммунитетті қалай нығайтуға, аурудан қалай қорғануға болатынын айтты

Сурет: pixabay
Ауа райының сууына байланысты дәрігерлер суық тию жағдайының өсімін тіркейді. Өйткені иммунитеттің төмендеуі, күн сәулесінің жетіспеушілігі және температурадағы өзгерістер денені вирустарға осал етеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы күзгі суықта медициналық орталықтарда найқастар қарасы айтарлықтай көбейеді: терапевт дәрігерге тұрған кезек артып, ЖРВИ-ден бастап тұмауға дейін суық тиюмен байланысты белгілер жиі кездеседі. Себебі, жылдың осы уақытында иммунитет суық ауа мен күн сәулесінің жетіспеушілігінен әлсірейді, деп жазады geraci.ru.

Неліктен иммунитет төмендейді

Күз бен қыс ағзаға бірден бірнеше қауіп төндіреді:

Ұйқының қанбауы және шаршаңқылық. Күндізгі жарықтың қысқаруы ағзадан бөлінетін, ұйқыға жауап беретін мелатонин гармоны көлемін төмендетеді. Нәтижесінде ұйқы шала болып, шаршаңқылық созылмалыға айналады, өнімділік төмендейді.

D3 дәруменінің тапшылығы. Күн болмаса, ағза кальцийді сіңіру үшін қажет D3 дәруменінің белсенді түрінің синтезін тоқтатады. Оның жетіспеушілігі шаштың, терінің, тырнақтың және тістің күйіне әсер етеді. Дәрумен көрсеткіштерін анализ тапсыру арқылы тексеруге болады.

Инфекция қаупінің жоғарылауы. Ультракүлгін сәуле неғұрлым аз болса, ауадағы озон соғұрлым аз болады, яғни вирустар мен бактериялар ұзаққа сақталады. Сондықтан күзде суық тию жиі кездеседі.

Паразиттік инфекциялар. Құрттар, патогендік бактериялар мен саңырауқұлақтар қоректік заттарды "жеп", дененің қорғанысын әлсіретеді. Егер оларға күдік болса, тест тапсырып, қажет болған жағдайда емделу керек.

Қорғанысты нығайтуға не көмектеседі

Тәуекелдерді азайту және иммундық жүйеге көмектесу қарапайым қадамдармен жасалуы мүмкін:

Дұрыс тамақтану рационы. Жейтін тамақ құрамына маусымдық көкөністер мен жемістерді қосыңыз, ал тәттілерді шектеңіз. Егер асқазан немесе ас қорыту проблемалары болса, дұрыс тамақтану жоспарын жасау үшін гастроэнтерологпен кеңескен дұрыс.

Дене белсенділігі. Спорт, гимнастика немесе ең құрымағанда күнделікті серуен денені нығайтады және инфекцияларға төзімділікті арттырады.

Толыққанды ұйқы. Сапалы демалыс вирустармен күресу қабілетіне тікелей әсер етеді.

Шымырлық. Таңертеңгілік суық душпен шынығу да иммунитетті нығайтудың бір жолы. Су температурасын біртіндеп төмендету арқылы денені үйретуге болады.

Жаман әдеттерден бас тарту. Темекі шегу мен алкоголь суық тию кезінде ағзаны одан әрі әлсіретеді.

Дәрумендер мен биологиялық белсенді қоспалар. Ағзаға артық жүктемені болдырмау үшін дәруменжер мен белсенді биологиялық қоспаларды қабылдау керек, бірақ оны алдымен дәрігермен келісіп алған жөн.

Ұйқының сапасы мен мөлшері адамның өнімділік, эмоционалды жағдай және жалпы денсаулық көрсеткішін айқындайды.

Айта кетсек, Астанада 2024–2025 жылғы эпидемиологиялық маусымда жедел респираторлық вирустық инфекцияның (ЖРВИ) 260 мыңнан астам жағдайы тіркелді. Науқастардың жартысынан астамы – 14 жасқа дейінгі балалар.

Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты