Қарбызды нанмен бірге жеу несімен қауіпті - маман түсіндіріп берді

Сурет: magnific
Ресейлік дәрігер-диетолог Дарья Русакова қарбызды нанмен бірге тұтынудың денсаулыққа зиян екенін ескертеді. Оның сөзінше, мұндай тағам үйлесімі іштің кебуіне, ішекте ашу процесінің күшеюіне, ұйқыбезге қосымша жүктеме түсуіне және қандағы қант деңгейінің көтерілуіне себеп болуы мүмкін.

Дәрігер "Абзац" басылымына берген сұхбатында қарбыз бен нанды бірге жеу қауіп төндіруі мүмкін екенін айтты. Себебі бұл үйлесімде фруктоза мен көмірсулардың мөлшері өте көп болады.

Оның айтуынша, глюкозаға төзімділігі бұзылған адамдарда гликемиялық индексі жоғары мұндай тағам қандағы қант деңгейінің күрт көтерілуіне әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар, тағамдық талшық пен қарапайым көмірсулардың артық мөлшері іштің кебуіне, газдың жиналуына және ішекте ашу процесінің күшеюіне себеп болады. Ал мұндай мәселелерге бейім адамдарда бұл ұйқыбезге қосымша салмақ түсіруі мүмкін.

Маманның айтуынша, қант диабетімен ауыратын, инсулинге төзімділігі (инсулинорезистенттілігі) бар адамдар, глюкозаға төзімділігі бұзылғандар, асқазан-ішек жолы ауруларынан зардап шегетіндер, жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдар, бүйрек ауруларымен ауыратындар үшін қарбызды нанмен бірге жеу айтарлықтай қауіп туғызады.

Сондай-ақ дәрігер соя тұздығында маринадталған қарбызға да сақтықпен қарауға кеңес берді. Оның құрамындағы натрийдің мөлшері жоғары болғандықтан, ағзада сұйықтықтың жиналуына ықпал етуі мүмкін. Сондықтан мұндай өнімді ісінуге бейім адамдарға және артериялық гипертониясы (қан қысымы жоғары) бар науқастарға тұтынуға кеңес берілмейді.

Бұған дейін балалардың гаджетке тәуелділігін қалай азайтуға болатындығын жазғанбыз.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақша айырбастау орындарындағы доллар бағамы жарияланды

Сейсенбіде еліміздің бес өңірінде аптап ыстық болады - синоптиктер

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Шетелдіктерге Қазақстанға кіруге электрондық рұқсат беріледі

Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасалды