ШҚО-да ормандар дронмен бақыланатын болды

ШҚО-да жануарлар дүниесін бақылау және өрттен қорғау жұмыстары арнайы дронның көмегімен жүргізілетін болды, деп хабарлайды Zakon.kz

Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі міндеттерді жеңілдету үшін ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі биыл инспекцияға мамандандырылған ұшқышсыз ұшу аппаратын тапсырды. Енді дронның көмегімен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін патрульдеу және заңсыз ағаш кесудің, мемлекеттік орман қорында заңсыз құрылыс салудың, өрттің алдын алу, жануарлар есебін жүргізу жұмыстары жүргізіледі.

Біз үшін экологиялық қауіпсіздік мәселесі басым бағыттардың бірі. Біздің жасап жатқан жұмыстарымыз орман шаруашылығы инспекциясына үлкен аумақтарды күзетуге септеспек. Дрон – браконьерлікпен күресудің ең жақсы және тиімді шараларының бірі. Сонымен қатар, оны өртпен күресуде немесе қазір, қыста, адам аяғы жете алмайтын жерге баруға болады. ЕҚЫҰ Қазақстандағы өкілі Рати Жапаридзе

Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ақпаратына сәйкес, өңірде Қазақстандағы орман қорының басым бөлігі шоғырланған. Облыстағы орман қорының жалпы ауданы 3,8 мың гектарды құрайды. Сонымен қатар, бұл қор негізінен құнды қылқан жапырақты ағаштардан тұрады: қарағай, шырша, балқарағай, Сібір қарағайы.

Біздің облыс аумағында бес табиғат қорғау мекемесі, 13 орман шаруашылығы, 59 аңшылық шаруашылығы орналасқан. Осы үлкен аумақты қорғау мақсатында инспекцияда он мемлекеттік инспектор жұмыс істейді. Олар жедел рейдтер мен тексерулерді тұрақты жүргізіп келеді.ШҚО ОШЖД аумақтық инспекциясының басшысы Ділдәбек Оразбаев
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: