Әбдіжаппар Әлқожа көкпар беріп, 10 миллион теңгеден ойнатты

Сурет: instagram/abdizhappar_alkozha
Әнші Әбдіжаппар Әлқожа 22.02.2022 – ерекше датада екі ұлын сүндетке отырғызып, көкпар берді. Осылайша ол 10 млн теңге, 5 автокөлік және 9 қара мал ойнатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еске сала кетейік, Әбдіжаппар Әлқожа 2 ақпан күні барша жұртты Қызыләскер ауылы, Жамалов атшабарында болатын көкпарға шақырған еді. Ол бұл туралы Instagram-дағы парақшасына жазып, қазақ елін дүбірлі тойға шақыратынын хабарлады.

22.02.2022 жыл! Концертіміз 11:00-де басталады. Құран-ас 12:00-де Көкпар 13:00-де басталып кетеді. Кешікпеңіздер палуандар! Кешке тойға үлгеруіміз керек. Сол үшін ерте бастаймыз. Тойханадан! Салым қоры: 10 миллион теңге 5 автокөлік 5 түйе бастаған тоғыз қара мал, – деп жазды әнші.

Әнші екі ұлы Ахмад-Әли мен Расулды сүндетке отырғызды. Ол той жасауға 22 ақпанды арнайы таңдаған. Қызыләскер ауылында өткен тойға көптеген эстрада жұлдыздары да қатысты. Тойға барған әншілер әлеуметтік желіде көкпар туралы ойын айтып, лебізін білдіріп жатыр. Көкпардың аяғы ұлан-асыр тойға ұласқан.

Тарихта қалатын көкпар, ел есінде жүретін той боп жатыр. Дүбірлі думанға біз бен сіз куә болдық. Әбдіжаппар бауырым қазақ пейілінің кеңдігін көрсетті. Мұндай тойды көрген де арманда, көрмеген де арманда! Бауырым, қуаныш себепшілері болған перзентіңмен 1000 жаса! Нұрсұлтан Есжан

Әнші Ғазизхан Шекербековтың хабарлауынша, көкпарға барлығы 30 мың адам қатысқан.

Әбдіжаппар Әлқожа бауырым екеуіміз күнде көріспесек те, бір-бірімізге шын тілектес екенімізді көрген сайын айта алатын адамдармыз. Жетісай өңірінде күндіз 30 мың халық жиналған бата көкпар тойың, кешке ұлдарыңа берген сүндет той құтты болсын. Бұл тойға да тілектеспін, – деп жазды Ғазизхан Шекербеков Instagram-дағы парақшасында.

Әншінің өнердегі әріптестері тойға құтты болсын айтып, көкпар туралы жақсы пікірін бөлісіп жатыр. Ал әншінің оқырмандары көкпар туралы әртүрлі ойда. Кейбірі қолдап, құттықтап жатыр. Ал тағы біреулері әншінің тойға, көкпарға ақша шашқанына наразы:

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты