«Нұр жолы» кеден бекетінің басшысы мен оның орынбасары ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Қытаймен шекарада «Нұр жолы» кеден бекетінің бірқатар шенеуніктерінің қылмыстық әрекеттеріне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

28 ақпанда Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі, Бас прокуратураның Қытаймен шекарадағы ішкі тергеу басқармасымен бірлесіп, «Нұр жолы» кеден бекетінде бірқатар шенеуніктердің қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

Қадағалау органының қызметкеріне 50 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру фактісі анықталды. Оны дәл қылмыс үстінде ұстап, тиісті құжат толтырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Осы факті бойынша «Нұр жолы» кеден бекетінің басшысы мен оның орынбасары ұсталды.

Бұл ретте инспекторларға 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара беріп, аса ірі көлемде тауар контрабандасын жасырғаны үшін уәкілетті экономикалық операторлардың бірінің өкілі ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етілмейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді