Қазақстаннан заңсыз жанармай әкетпек болған

Сурет: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі
Шекараның қазақ-қырғыз учаскесінде «Қарасу» автомобиль өткізу бекетінде шекарашылар Қазақстаннан заңсыз әкетпек болған АИ-92 маркалы 80 тонна жанар-жағармай тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай, цемент қаптары арасында жанар-жағармай салынған контейнерлер болған. Екі жүк көлігін сырттай қарау кезінде цистерналар үгінділер салынған қаптармен қапталған, жөнелту құжаттарына сәйкес жүк топтама ретінде тіркелген.

Тәркіленген жанармай Жамбыл облысының мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылды.

Шекара қызметі қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен бензинді, дизельдік отын мен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін шығаруға тыйым салынғанын еске салады. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды