Қайрат Боранбаев екі айға қамауға алынды

Сурет: ФК "Қайрат"
Қайрат Боранбаев екі айға қамауға алынды. Квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылғы 17 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі

Сот сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайтынын қосты.

Бұл ретте Қаржы мониторингі агенттігі квазимемлекеттік сектордағы аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен Боранбаев Қ.С., ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 17 наурызда сот 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі шешім шығарды. Тергеу жалғасып жатыр. ҚР АФМ баспасөз қызметі

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жарияланбайды, деп түсіндірді ведомство.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты