Шымкентте 8 жастағы бала бір түн адасып жүрген

Сурет: pixabay
18 сәуірде Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына ұлының жоғалғаны туралы айтып, жергілікті тұрғын хабарласты. Әйелдің айтуынша, сағат 14:00-де сегіз жастағы баласы үйдің ауласында ойнап жүріп, біраз уақыттан кейін жоғалып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отбасы баланы өздері іздеп таппағаннан кейін, тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген.

Баланың жүрген жерін анықтау мақсатында Полиция басқармасының барлық жеке құрамына бағдар жіберілді.

Полицейлер жақын маңдағы аумақтарды аралап, көршілерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді.

Іздестіру шараларының нәтижесінде, учаскелік инспекторлар жоғалған баланы 19 сәуір күні сағат 07:00-де жергілікті сантехника базарының аумағынан аман-есен тапты.

Бала үйінен алыстап кетіп, адасып қалғаны белгілі болды. Полиция қызметкерлері баланың ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізіп, ІІО-ның есебіне алды.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді