Маңғыстау облысында қоқиқаздар жаппай қырылып жатыр

Сурет: видеодан скриншот
Маңғыстау облысында белгісіз себептерден өлген қоқиқаздардың өлекселері сайын далада шашылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

turkystan.kz таратқан ақпаратқа сай, Бейнеу ауданында мектеп оқушысы Қызыл кітапқа енген қызғылт қоқиқаздардың әр жерде жатқан өлекселерін бейнежазбаға түсіріп алған. Аталмыш видео әлеуметтік желіні дүр сілкіндірді.

Желі оқырмандарының құстардың өлімі туралы пікірі екіге бөлінді. Бірі – құстардың өліміне теңіз суының өнеркәсіп қалдықтарымен ластануы себеп болуы мүмкін десе, екінші тобы адамдар әдейі өлтірген деген пікір келтіреді.

Әзірге бұл мәселеге байланысты ресми ақпарат жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады