16 мамырда Ай толық тұтылады

Cурет: unsplash
Дүйсенбі, 16 мамырда әлемнің кейбір бөліктерінің тұрғындары Айдың толық тұтылуын көре алады. Бұл құбылыс астрономиялық күнтізбеде сирек кездесетін оқиға саналады. Өйткені жыл сайын Айдың екі-үш тұтылуы ғана болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айдың тұтылуы Жер Күн мен Айдың арасында болып, соңғысына көлеңкесін түсірген кезде болады. Ай толығымен көлеңкеде болғанда, мұны толық тұтылу дей аламыз. Ал табиғи жер серігінің бір бөлігі ғана жабылған кезде, оны ішінара тұтылу дейді.

Айдың толық тұтылуы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10:13-те болады. Бүкіл Америка құрлығының тұрғындары бұл астрономиялық құбылысты көре алады. Ал Таяу Шығыстағы, Шығыс Еуропа мен Жаңа Зеландиядағылар тек пенумбральды күн тұтылуын ғана бақылай алады.

Уайымдағыш және ырымшыл адамдар алаңдайтын ештеңе жоқ. Мамандардың сөзінше, мұндай астрономиялық құбылыс адамға кері әсерін тигізбейді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды