Пайдаланушы деректерін жариялағаны үшін Twitter 150 млн доллар айыппұл төлейді

Сурет: unsplash
Америка билігі бұл әлеуметтік желі қолданушыларды жеке деректеріне қатысты жаңылыстырып келді деп отыр. Оқиға 2013 жылдың мамырынан 2019 жылдың қыркүйегіне дейін созылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Twitter 150 миллион доллар айыппұл төлеуге келісті, – деп хабарлады АҚШ Әділет министрлігі мен Федералдық сауда комиссиясы.

АҚШ билігінің талап-арызына сәйкес, Twitter әкімшілігі пайдаланушыларды жеке деректерді пайдалану туралы жаңылыстырған.

Осылайша әлеуметтік желі қолданушылардың телефон нөмірлері мен электрон пошта мекенжайларын пайдаланды. Олар деректерді таргетинг, жарнама үшін бөліскен. Әңгіме 140 миллионнан астам Twitter пайдаланушысы туралы болып отыр.

Әлеуметтік желінің әкімшілігі айыппұл төлеп қана қоймай, пайдаланушы деректерін қорғау шараларын қолдануға міндетті болады.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме