Павлодарда 5 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен күдікті анықталды

Сурет: polisia.kz
Полицияға ұрлық фактісі бойынша Павлодарлық жеке кәсіпкерліктің директоры жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Анықталғандай, бұрын сотталған 27 жастағы Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны 18 мамырда Павлодар қаласының М. Жүсіп көшесіндегі дүкендердің бірінде еркін қол жеткізу жолымен сөреден жалпы сомасы 5 млн теңге болатын 61 дана алтын бұйым салынған екі қорапты ұрлаған деп күдіктелуде.

Арнайы іс-шараларды өткізу барысында күдікті ұрлық жасағаннан кейін Семей қаласына кеткені және оны Павлодарлық жедел уәкілдер ұстағаны анықталды. Күдікті алтын бұйымдарды сатқан, ал түскен қаражатты букмекерлік кеңселердің бірінде онлайн ойынға жұмсаған, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция атап өткендей, ер адамнан алтын сақина мен 350 мың 500 теңге көлемінде ақша тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам қамауға алынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс