«Ласковый май» тобының экс-продюсері Юрий Шатуновтың отбасына көмектесуге уәде берді

Әнші6 әрі музыкалық продюсер, «Ласковый май» тобының құрушысы Андрей Разин әнші Юрий Шатуновтың кенеттен қайтыс болғаны туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Разин РИА Новостиге Шатуновтың отбасына көмектесетінін айтты.

Мен және «Ласковый май» тобының жігіттері болған оқиғаға әлі сене алар емеспіз. Жұбайына, балаларына және барша туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Ол мәңгі жадымызда қалады. Біз Юркамен 13 жасында кездестік, оның қалыптасуы менің көз алдымда өтті. Юра ақкөңіл, адал адам еді, біз ешқашан ұрыспадық, ұрыспас та едік. Оның қайта құру жылдарындағы танымалдылығын тек Михаил Горбачевпен салыстыруға болады, ал сол жылдардағы сауалнамалардың бірінде Юра оны басып озды. Андрей Разин

Бұған қоса, ол орындаушының денсаулығына үнемі алаңдағанын айтты.

Мен оның денсаулығына үнемі алаңдайтынмын, жүрек ауруына байланысты ол әскерге шақырылмады. Мен оны үнемі темекі шегуді тоқтатуға көндіруге тырыстым, бірақ ол құлақ аспады. Юра ковидпен ауырған, мүмкін бұл оның жүрегіне әсер еткен шығар. Андрей Разин

Сондай-ақ Андрей Разин Instagram парақшасында Шатуновты еске алуға арналған жазба жариялады.

Қайғылы хабар келді. «Ласковый май» тобының солисі Юра Шатунов қайтыс болды. Біз онымен жан-жақты қарым-қатынаста болдық. Жақсы да, кейде қиын кездер болды. Біз тіпті немере ағайын болдық. Дәл осы қарым-қатынастар «өмір» деп аталады. Өкінішке орай, оның қысқа, бірақ жарқын өмірі мансабындағы жаңа кезеңде үзіліп кетті.

Юрий Шатунов 23 маусымға қараған түні жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Ол 48 жаста еді.

Ресей
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: