Ақтөбеде қауіпті саналған 900 иттің көзі жойылды

Сурет: pixabay
Ақтөбеде ит талап, қаза болған 12 жастағы Мадиярдың оқиғасынан кейін, 900 иттің көзі жойылған. Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арыз-шағым да күрт көбейген. Алайда, мамандар облыс орталығында қанша қаңғыбас ит барын нақты айта алмай отыр.

Оларды уақытша ұстау орындары да аз. Ең үлкен деген панажайдың өзі тек 500 итке арналған, деп жазады qazaqstan.tv.

Мамандар арыз бойынша, бұралқы иттерді аулап, ол жерде тек 5-10 күндей ғана ұстайды.

Залалсыздану жасалып, екпесі егілген соң, қайта бостандыққа жібереді. Ал, адамдарға қауіп төндіретіндерінің көзі жойылады. Ол заң шеңберінде жүзеге асып жатыр.

2 наурыздан бүгінгі күнге дейін 1 500 ит тек Ақтөбе қаласында ұсталып, жансыздандырылған. Әрине, ол бұрғынғы көлемнен аздау. Бірақ, біздің қазіргі ең басты жұмысымыз – азаматтардыңөз өтініштері бойынша шығып отырмыз немесе полиция қызметкерлерінің өтінішімен. Құсайын Сәрсенбай, облыстық Ветеринария басқармасының басшысы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған