Қазақстанда жетім балаларға қамқоршы тағайындау тәртібі жеңілдейді

Сурет: unsplash
ҚР Білім және ғылым министрлігі отбасы және балалар саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына түзетулер дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, бұйрық жобасында кәмелетке толмаған адамға өзінің туыстарының немесе өгей әкесінің, өгей шешесінің арасынан дереу қорғаншы тағайындау қажет болса, онда қорғаншылық немесе қамқоршылық органдары психологиялық дайындықтан өтпей-ақ қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілей алатындығы туралы норма көзделген. Бала отбасында тәрбиелеуге қабылданған күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде психологиялық дайындықтан өткен жағдайда.

Тағайындалған қорғаншылар мен қамқоршылар бір жыл ішінде білім бөліміне психологиялық дайындықтан өткендігі туралы анықтама беруі қажет.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мыналар арқылы жүзеге асырылады:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;

egov.kz электрондық үкімет веб-порталы.

Мемлекеттік қызмет 19 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

Құжат Ашық НҚА веб-сайтында 15 шілдеге дейін орналастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді