Қазақстандықтардың 83% Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенеді — сауалнама

Биыл 9-28 маусым аралығында Qalaisyn.kz платформасында онлайн-сауалнама әдісімен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, сондай-ақ мемлекеттік органдарға сенімге қатысты әлеуметтік зерттеу жүргізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің сайтында айтылғандай, зерттеу жаңадан құрылған облыстарды қоса алғанда, Қазақстанның барлық аумағы бойынша 18 және одан асқан жастағы 6 мың респондент арасында өткізілді. Сауалнама нәтижелері репрезентативті және Қазақстанның барлық халқына қатысты болжамдалады.

Сауалнама деректері көрсеткендей, Мемлекет басшысы зор сенімге ие - оған қазақстандықтардың 83,63%-ы сенеді.

Социологиялық мониторинг қорытындысы сұралғандардың 78,81%-ы Мемлекет басшысы жұмысының қазіргі нәтижелеріне қанағаттанғанын көрсетті. Ал 59,37%-ы Қ.К. Тоқаевтың Президент лауазымында болған кезеңінде елдегі жағдай жақсарды деп санайды.

Президентке деген сенім деңгейінің артуы байқалып отырғанын айта кеткен жөн.

Мәселен, сәуір айындағы сауалнамаға сәйкес, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 70%-дан астамы Президентке сенім білдірген.

Сенімнің өсу серпіні конституциялық реформаның іс жүзінде жүзеге асырылуының басталуымен, алғашқы Ұлттық құрылтай өткізу сияқты ірі республикалық жобалардың іске асырылуымен, Мемлекет басшысының бірқатар елдегі белсенді сыртқы саяси қызметімен және ел үшін маңызды басқа да оқиғалармен түсіндіріледі.

Qalaisyn.kz платформасында биыл 21-23 маусым аралығында 18 жастан асқан 1200 қазақстандық арасында жүргізілген алдыңғы әлеуметтік сауалнама нәтижелері көрсеткендей, Мемлекет басшысының соңғы жетістіктерінің арасында Ұлттық құрылтайдың құрылуы ерекше жоғары атап өтіледі - қазақстандықтардың 74,52%-ы осы бастаманы қолдайды. Ал сұралғандардың 73,89%-ы оның жұмысының басталуына байланысты елдегі жағдайдың жақсаруын күтуде, делінген хабарламада.
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: