QazaqGaz өз қызметінің бірінші жартыжылдығы қорытындысын шығарды

Өткен жылдың соңында ҚР Үкіметінің шешімімен «ҚазТрансГаз» АҚ QazaqGaz болып өзгертіліп, ұлттық компания мәртебесі берілген еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көп ұзамай, Ұлттық компанияның басқарма құрамы толықтай жаңартылып, басшылыққа Санжар Жаркешов келді. Жаңа басшылық компания жұмысының бірінші жартыжылдығының қорытындысын шығарды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен QazaqGaz қызметінің жұмысына кешенді аудит жүргізіліп жатыр. Бұдан басқа, Қазақстанның газ тасымалдау жүйесіне халықаралық техникалық аудит жүргізу жұмыстары басталып кетті.

ҚР Үкіметімен бірлесе 2022-2026 жылдарға арналған ҚР Газ саласын дамытудың кешенді жоспары әзірленіп, келісілді. Жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, QazaqGaz бен Самұрық-Қазына қорының жеке қаражаты есебінен жобаны жүзеге асыру жұмыстары басталды.

Бұдан басқа, Ұлттық компания 2022 жылдың наурызынан 31 тамызға дейін түркімен газын жеткізу туралы келісімге келді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Энергетика министрлігі мен Теңізшевройл ішкі нарықты тауарлық газдың қосымша көлемімен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жасап жатыр. Ішкі нарық үшін Оңтүстік Ақсай кен орнынан қосымша 100 млн3 газ ішкі нарыққа жіберіледі. Қашағандағы ГӨЗ құрылысы жобасы «QazaqGaz»-ға берілді.

2021-2022ж.ж жылу беру кезеңінде газбен үздіксіз жабдықтау қамтамасыз етілді, ал өндірістік жұмыстар апатсыз, кестеге сай жүргізілуде.

Түркістан облысының 22 елді мекенінде газ тарату желілері пайдалануға берілді, аталған облыс халқы көгілдір отынды соңғы 10 жыл бойы күткен еді.

Үйге газ жүргізу процесі жеңілдетілді. Нұр-Сұлтан қаласында техникалық шарттар беру үшін сұратылатын құжаттардың тізбесі екі есеге қысқарды.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына әсер етпейтін әлеуметтік әділ баға реформасын жүргізу үшін шаралар кешені әзірленіп, қарауға енгізілді.

Сондай-ақ, компаниялар тобы бойынша өндірістік персоналдың жалақысы орташа алғанда 30%-ға өсті.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: