Екібастұзда ротвейлер екі әйелге шапты

Сурет: polisia.kz
Екібастұз қаласында 7 қыркүйек күні сағат 12.00 шамасында Б.Момышұлы көшесінде 54 жастағы қала тұрғынына роттвейлер тұқымды ит шауып, жерге құлатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz таратқан мәліметке сай, салдарынан әйел адам басын соғып алған. Осыдан кейін ғана иттің иесі итті әйелден ажыратып, оған көмек көрсетпей, кетіп қалған. Ол бұл факті туралы полицияға хабарлады. Жәбірленуші бас миының шайқалуымен ауруханаға жатқызылды.

Екібастұз қаласының учаскелік полиция инспекторлары 47 жастағы иттің иесін анықтады. Мән-жайларды анықтаған кезде сол күні осы иттен тағы бір адам зардап шеккені белгілі болды. Сағат 10.30-да 35 жастағы қала тұрғыны “Шахтер” стадионының жанынан өтіп бара жатты, бірақ сол сәтте ызаланған, қарғыбауы мен тұмырылдығы жоқ ит кенеттен әйелге қарай жүгіріп, оны қауып алады.

Үй жануарларын серуендеткені үшін полицейлер иттің иесін ҚР ӘҚБК 407-2-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты, енді оған он АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге тура келеді. Бұдан басқа, жәбірленушілерге денсаулығына зиян келтіргені бойынша сотқа жүгіну үшін сараптама тағайындалды, – деді Екібастұз қаласы Полиция басқармасының бастығы Қайыржан Шақарғалиев.

Ведомствода атап өткендей, биыл полиция қызметкерлері серуендеу ережелерін бұзғаны үшін 168 мысық пен ит иелерін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті