Ақмола облысына оңтүстіктен ірі көлемде есірткі тасымалдап келген ер адам ұсталды

Сурет: видеодан скриншот
Елорданың 43 жастағы тұрғыны біраз уақыттан бері Ақмола өңіріне есірткі заттарын жеткізумен айналысқан. Жедел уәкілдер шикізатты дилер республиканың оңтүстік аймағынан әкелгенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz Telegram арнасы таратқан мәлімет бойынша, күдікті Аршалы ауданы Жібек Жолы кентінің өткізу терминалында жүргізілген арнайы операция кезінде ұсталды.

Күдікті отырған Chevrolet Cobalt автокөлігін тінту кезінде полицейлер салон ішінен, орындықтардың астынан екі полиэтилен орамасын тапты. Оның ішінде тағы үш полиэтилен және төрт қағаз орамасы болды. Марихуананың жалпы салмағы 1,5 келіден асады.ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Ведомство өкілдерінің айтуынша, қызметтік иттер есірткінің иісін сезбеуі үшін күдікті марихуана пакеттерін қышқыл майонезбен өңдеп қойған.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді.

Тергеп-тексеру кезінде күдікке ілінген елорда тұрғыны қамауға алынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты