Солтүстік Қазақстанда 226 ауыл ауызсуға жарымай отыр

Сурет: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстанда 226 ауыл тіршілік нәрінен таршылық көріп отыр. Ауызсумен қамтылмаған елді мекендерде өңір халқының 26 пайызы тұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұрғындардың басым көпшілігі өз күштерімен құдық қазып алған.

Алайда оның сапасы талапқа сай келмейді. Таза суды көршілес елді-мекендерден тасып тұтынатын тұрғындар да бар, деп жазады qazaqstan.tv.

Мамандардың сөзінше мәселе 2026 жылға дейін шешілмек. Облыстық әкімдікте өткен жиында аудан басшыларына жобалық-сметалық құжаттарды жасауды жеделдету тапсырылды.

16 елді мекенде жаңадан сумен жабдықтау нысандарын салу үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 7,5 миллиард теңгеге қаражат бөлмек.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті