Алматы полициясы Рамиль Мухоряповтың үстінен іс қозғалғанын растады

Сурет: Instagram/rrm777
Алматы қалалық ІІД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы кәсіпкер Рамиль Мухоряповқа қатысты "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік, дiни алауыздықты қоздыру" бабы бойынша іс қозғалғаны жөніндегі ақпаратты растады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасында Алматы қалалық полиция департаментінің Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелген іс бар, – делінген редакция сауалына берген Полиция департаментінің жауабында.

Бұл ретте полицейлер сотқа дейінгі тергеп-тексеруді іске асыратын тұлғаға іс жүргізу әрекеттерін жасау және процессуалдық шешімдер қабылдау туралы өтінішхатпен тек қылмыстық процеске қатысушылар ғана жүгінуге құқылы екенін түсіндірді.

Осыған байланысты Полиция департаменті істің мән-жайын айтудан бас тартып, егер бұл тергеу мүдделеріне қайшы келмесе, прокурордың рұқсатымен ғана жария етілуі мүмкін екенін атап өтті.

Chocolife басшысы Рамиль Мухоряповтың қазақ тілі туралы Ресейден келгендермен кездесуінде жасаған мәлімдемесі қазақстандықтардың ашуына тиді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді