Алматыда және еліміздің өзге де қалаларында қақаған аяз сақталып қала береді

Сурет: pixabay
Қазақстанда орын алған аяз 11 желтоқсанда да өз күшін сақтайды, бірақ республикамыз бойынша жауын-шашынды ауа райы күтілмейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады.


Алматыда күн құбылмалы, бұлтты, сынап бағаны күндіз -14 , түнде -14...-16 градус суықты көрсетеді.


Астанада да күшіне мінген аяз сақталады, сынап бағаны күндіз -12...-14 және түнде -21...-23 градусқа дейін төмендейді, соққан желдің екпіні  9-14 м/с құрайды.


Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, күндіз -11, түнде -14...-16 градус суық.


Павлодарда күн бұлтты, кей аумақта қар жауады, күндіз -14, түнде -15...-17 градус суық, қатты жел болады деп күтілмейді.


Қызылордада аспан ашық, күндіз -16, кешке -15...-17 градус суық, соққан желдің екпіні 4 м/с болады деп күтіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты