Қалта көтеретін жаңажылдық сыйлықтар топтамасы

Ғажайыпқа толы мереке – Жаңа жылға санаулы күндер қалды. Алайда дұрыс таңдалмаған сыйлық оны алушының да, берушінің де көңіл күйін түсіретіні анық. Сондықтан да сыйлық таңдау мәселесіне атүсті қарауға болмайды. Zakon.kz түрлі талғам мен қалтаға сай келетін сыйлықтар нұсқасын әзірледі.

Сыйлық иесін тосыннан қуантқыңыз келсе, мерекеге әзірлікті алдын-ала бастап кеткен жөн. Сан түрлі сыйлықтың ішінен көңілден шығатын сыйлықты дөп басып таңдай білу қажет.

Бүгін сіздерге кез келген сұранысқа сай келетін сыйлықтар нұсқасын ұсынбақпыз. Оның үстіне қазір Jusan Дүкенде тауарды 24 айға дейін бөліп төлеу мерзімімен, бастапқы жарнасыз және үстеме пайызсыз алуға болады. Бұл – смартфон, ноутбук немесе ірі тұрмыстық техника сынды қымбат тауарларды сатып алғысы келетіндерге таптырмас мүмкіндік. Науқан 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жүретінін ескерсек, қысқы спорт түрлеріне арналған тауарларды (шаңғы, сноуборд) да, виртуал шындықты ұнататындарға арналған приставкалар мен ойын консольдерін де үлгеріп сатып алуға болады.

Оған бүкіл Қазақстан бойынша 3 мыңдай сатушы қатысып жатыр. Сонымен қатар ол 3500 санат бойынша 800 мыңнан астам тауар мен қызмет түрін қамтиды. Jusan Bank ұсынған бөліп төлеу түрін таңдаған жағдайда, сатып алушыларға арналған жағымды жаңалық бар: басқа көптеген банкке қарағанда, тауар ақысын бөліп төлеу кезінде де бонустар беріледі, ал 50 мың теңгеге дейін сауда жасасаңыз, 15%-ға дейін бонус түседі.

Айта кетсек, Jusan Дүкендегі науқан 1 қаңтарға дейін созылады. Бұл – жақындарыңызға сыйлықты асықпай, ең бастысы, қалтаңызға еш ауыртпалықсыз сатып ала аласыз деген сөз. 

 "Jusan Дүкендерінде бөліп төлеулер мен бонусы бар науқандар әрдайым өткізіліп тұрады. Біз ай сайын клиенттерімізді тауар сатып алғанда, соның ішінде тауарды бөліп төлеуге немесе несиеге алғаны үшін берілетін жоғары бонустармен қуантуға тырысамыз. Бұдан бөлек, эксклюзив тауарлар, жиынтықтар пен ерекше тауарлар ұсынатын әріптестерімізбен бірігіп, науқандар өткізіп тұрамыз", – дейді Jusan Дүкеннің маркетинг жөніндегі директоры Александр Дегтярев.


Ерлерге арналған сыйлық түрлері

Берген сыйлығыңыз тартпада шаң басып жатпасын десеңіз, әріптестер мен бизнестегі серіктестерге ыңғайлы әрі пайдалы сыйлықтар қараған жөн. 

Мұндай жағдайда сыйлықты оның қызығушылығы мен қалауына қарай таңдау керек: портфель, смарт-сағат немесе іскер ер адамдарға арналған органайзер, ал су өтпейтін спорттық сөмкелерді, су құюға арналған бөтелкені не болмаса жаттығу залына арналған абонементті спортқа жақын әріптестеріңіз бағалай алады.

Жақындарыңызға – жұбайыңызға, бауырыңызға немесе ұлыңызға ақылды немесе технологиялық гаджеттер алуға болады. Сыйлық ретінде штатив немесе монопод сынды пайдалы аксессуарлар, пернетақта, құлаққап таңдай аласыз, сондай-ақ лицензиясы бар ойындарды да қарастыруға болады. Тіпті болмаса арманындағы смартфонның жаңа моделін алып беруге болады.

Әйелдерге арналған сыйлық түрлері 

Анаңызды, енеңізді немесе әжеңізді күнделікті күйбең тіршілігін жеңілдететін пайдалы тұрмыстық техниникалар сыйлау арқылы қуантуға болады. Көптен армандап жүрген ыдыс-аяқ жуатын машина, ас үй комбайны немесе жаңа теледидар мерекелік демалыс күндеріне ең қажет дүниелер. Құрбыңызға спортқа арналған ыңғайлы, аспалы сөмке сыйлауға болады. Бұған қоса фитнес-залға шектеусіз баруға мүмкіндік беретін абонемент оны ерекше қуанышқа бөлейтіні анық.

Айта кететін жайт, бүгінде электроника тауарларынының ішінде ең сұранысқа ие тауар – ноутбук. Тұтынушылардың түрлі сұранысынан құралған мына модельдер мен сипаттамаларға назар аударған жөн:

Бұл ноутбуктың бұл түрін дизайнмен немесе графика дизайнымен кәсіби деңгейде айналысатын пайдаланушыларға сыйлауға болады. Өйткені олар процессор, жедел жады және бейне картасы дизайнерлердің сұранысына сай келеді. Ол Photoshop, CorelDRAW, 3dMax сияқты фото, видео өңдеуге арналған кәсіби бағдарламаларды жақсы "көтереді".

Бұл  ноутбук жұмысы немесе оқуы компьютер алдында сағаттап отыруды талап ететіндерге арналған. Сондай-ақ мұнымен фильмді жақсы сапада көруге, қосымшаларда ұсақ-түйек жұмыстар атқаруға және фоторедакторларда жеңіл тапсырмалар орындауға болады.

Бұған «ойын ноутбугы» ретінде қарауға болады, кез келген тапсырманы орындауға арналған. Процессоры, видео картасы мен жедел жады мықты болғандықтан, күрделі жұмыстар істеуге болады. Экранының мүмкіндігі зор және жиі жаңартылады.

Көптеген жұмысты атқаруға болатын ұтымты ноутбук. Егер сіз көркем дизайнмен немесе графикалық бағдарламаларда күнделікті иллюстрациялар өңдеумен айналыспайтын, күрделі ойындарды ойнамайтын адам болмасаңыз, бұл техника нағыз сізге арналған.


 


Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: