Қазақстанның 12 өңірінде көктайғақ пен бұрқасынға байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның 12 өңірінде бұрқасын, көктайғақ, жол бойындағы қарлы қатқаққа байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысының солтүстік жартысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, жол бойында қарлы қатқақ болады. Оңтүстік-батыс, батыс желі, таңетең және күндіз облыстың солтүстік жартысында екпіні 17-22, кей уақытта 25 м/с. Қарағанды қ.: 21 желтоқсанда күндіз жаяу бұрқасын, жол бойында қарлы қатқақ болады. Оңтүстік-батыс, батыс желі, таңертең және күндіз екпіні 17-22 м/с.

Ұлытау облысының солтүстік жартысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, жол бойында қарлы қатқақ күтіледі. Оңтүстік-батыс, батыс желі, таңертең және күндіз облыстың солтүтсік-жартысында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. Жезқазған қ.: 21 желтоқсанда күндіз жаяу бұрқасын, жол бойында қарлы қатқақ күтіледі. Оңтүстік-батыс, батыс желі, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші - 15-20 м/с. Қызылорда қ.: 21 желтоқсанда таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі. Жел батыстан соғады, таңертең және күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Ақмола облысының басым бөлігінде қар, күндіз облыстың шығысында қар көп мөлшерде жауады. Облыстың шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында жолдарда көктайғақ күтіледі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, Жарма ауданында екпіні 23 м/с.

Түркістан облысының тауларында көп мөлшерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың оңтүстігінде тұман сақталады. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік және таулы аудандарында, таңертең және күндіз басым бөлігінде күші 15-20, күндіз таулы аудандарда екпіні 23-28 м/с. Шымкент қ.: 21 желтоқсанда таңертең және күндіз көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 21 желтоқсанда таңертең және күндіз көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Павлодар облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қар көп мөлшерде жауады. 21-22 желтоқсанда облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 21 желтоқсанда екпіні 23-28 м/с. Тараз қ.: 21-22 желтоқсанда кей уақытта тұман, көктайғақ болады. 21 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады 15-20 м/с, екпіні 25 м/с.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: