БҰҰ Ауғанстандағы кейбір бағдарламаларды тоқтатты

Сурет: pixabay
Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстандағы бірқатар маңызды бағдарламаларын уақытша тоқтатты. Өйткені «Талибан» әкімшілігі мұндай гуманитарлық ұйымдарда әйелдердің жұмыс істеуіне рұқсат бермей отыр.

Сонымен қатар Еуропа одағы мен әлемнің 12 елі ауған басшылығын қыз балаларды университеттер мен мектептерге қайтаруға шақыратын мәлімдеме жариялады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегінше, Ауғанстанда экономикалық құлдырау мен кедейшіліктен 28 миллиондай адам гуманитарлық көмекке мұқтаж, деп жазады qazaqstan.tv.

Айта кетсек, бұл мемлекетте тәліптер билікке былтыр тамызда келді. Содан бері олар әйелдердің білім алуына, жұмыс істеуіне тыйым салғандықтан, Ауғанстаннның жаңа үкіметін халықаралық қауымдастық әлі мойындамай отыр.

Ауғанстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады