"Хабар 24" телеарнасының хабарлауынша, акцияны бірнеше күн бұрын №56 мектептің волонтерлері бастаған. Іле-шала қалған білім ошақтары жалғастырып жатыр. Оқушылар қолдан келгенше қар күреп, қолғабыс етіп жүр.
Бір апта бұрын Таразда қалың қар жауып, аяз күшейген еді. Мұндай сәтте коммуналдық қызметшілердің жұмысы көбейетіні белгілі. Тараз көшелерін күнделікті 300-ге жуық жұмысшы тазалайды. Олар күннің суығына қарамастан қоғамдық орындарды тазалап, автобус аялдамаларындағы мұзды ояды. Оқушылардың айтуынша, олардың бұл еңбегі қандай құрметке лайық.
"Мұндай сауапты істі біз Қазақстандағы барлық өңірге жолдағымыз келеді. Себебі бұл – игі іс, сонымен қатар сауапты іс. Үлкен кісілерге көмек беруді дұрыс нәрсе деп ойлаймын". Оқушы Арайлым Орынбасар
"Жасыл-Ел Тараз" жұмысшысы Гүлзипа Көпбаева балалардың көмектесіп келгеніне қуанып қалыпты.
"Апасындай, немереміз болып, соған қуанып отырмыз. Балаларымыздың ниеті жақсы екен. Болашағы зор болсын", - дейді Гүлзипа Көпбаева.