Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша 181 қылмыстық іс қозғалғаны айтылады.
Анонимді хабарламалардың авторларына қатысты деректермен алмасу бойынша шет мемлекеттермен жедел әрекет ету мақсатында Будапешт конвенциясына («Компьютерлік қылмыстар туралы») қосылу жұмыстары жүргізіліп жатқаны атап өтілді.
Сондай-ақ, Бас прокуратура мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жалған терроризм үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту және құқық бұзушылықтың бұл түрін «ауыр» санатқа жатқызу (7 жылға дейін бас бостандығынан айыру) мәселесін пысықтауда. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
Әдетте, департамент түсіндірді, бұл фактілерді тексеру көп уақыт пен ресурстарды қажет етеді.
Оқиға орнына полиция, құтқарушылар, кинологтар, өрт сөндірушілер, жедел жәрдем бригадалары, жедел-тергеу топтары аттануда.
2022 жылы барлығы 25 адам сотталған.
2022 жылдың желтоқсан айында Қарағандыда 12 мектепке «бомба» қойылған деген ақпарат тараған.
Қазақстанда терроризм актісі туралы көрiнеу жалған хабарлау бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, сондай-ақ шектеуге немесе бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.