Бірнеше елдің құтқарушылары Түркиядан кетіп қалды

Түркияға шетелдерден барған құтқарушылардың кейбірі мародерлардың кесірінен елден кете бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған қатысты түрік билігі пікір білдірген жоқ. Бірақ президент Режеп Тайып Ердоған үкіметке тонаушылар мен басқа да қылмыскерлерді қатаң түрде жазалауды тапсырды.

Израильден келген іздестіру-құтқару тобы алты күннен кейін өз еліне кетіп қалған, деп жазады qazaqstan.tv.

Мұны Түркияның Әділет министрлігі де растады.

Сонымен қатар, Австрия қарулы күштерінің өкілдері де жер сілкінісі аймағында қауіпсіздіктің жоқтығына және қарулы тонаушылар тобының оқ атаныны, әскерилер мен құтқарушылардың өміріне қауіп төнгендіктен кететіндерін мәлімдеді.

Германияның екі құтқару ұйымы да бүгін жұмысын тоқтатқан.

Түркия
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: