Шымкентте кәсіпкерлерге 142 миллион теңге негізсіз берілген

Сурет: Zakon.kz
Шымкентте кәсіпкерлікті дамыту үшін бөлінген қаржы 38 кәсіпкерге негізсіз берілген. Заң бойынша қайтарымсыз қаржы жаңа әрі тиімді бизнес жобаларды қолдауға берілуі тиіс.

Алайда ақша наубайхана, ателье, әсемдік салоны, кондитерлік цех ашқысы келетін азаматтардың қанжығасында кеткен. Осылайша 142 млн теңгенің желге ұшқаны анықталды, деп жазады qazaqstan.tv.

Жалпы, соңғы үш жылда 50 кәсіпкерге мемлекеттік грант заңсыз берілген. Қазір олардың жетеуі сотта қаралып жатыр. Тағы 38 жобаға бөлінген қаржыны қазынаға қайтару туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, грант қаржысын бөлу ережесіне өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жасалды.

"Комиссияның тағы бір заңсыз әрекеті жобасы мақұлданған кәсіпкерлерге, мүмкіндігінше, көп сома беруге тырысқан. Оның шектік мөлшері бес миллион теңге. Әрбір жобаның өзіндік ерекшелігіне сай жұмсалатын шығыны әртүрлі болғанына қарамастан барлығына біркелкі қаржы берілген. Қабылданған өтінімдердің 70 пайызында осындай сыбайластық тәуекелдері анықталып отыр." Алексей Колосков, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің шымкент қаласы бойынша департаментінің басқарма басшысы

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті