Алматыда және тағы бірнеше өңірде үсікке байланысты ескерту жасалды

Cурет: pixabay
Ертең, 3 сәуірде Алматыда және Жетісу, Жамбыл, Алматы облыстарында үсік болады. "Қазгидромет" РМК синоптиктері тағы бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысында солтүстік-шығыс желі, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі. Түнде 1-6 градус үсік сақталады.

Алматыда 1-3 градус үсік болады.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с. Түнде 2-7 градус үсік сақталады. 

Ақтөбе облысының орталығында, шығысында шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман күтіледі.

Ұлытау облысында шығыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с күтіледі. 

Қызылорда облысының орталығында найзағай ойнап, шаңды дауыл сақталады. Жел шығыстан соғады, күші 15-20, облыстың орталығында екпіні 23 м/с сақталады. 

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады күші 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, 1-6 градус үсік болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты