Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы төмендеді

Сурет: pixabay
Еліміздің кейбір қалаларында әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы сәл төмендеді. Бұған ҚР Ұлттық статистика бюросының соңғы мәліметтері дәлел, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтау мен Оралда 20-28 наурыз аралығында баға 0,1%-ға төмендеді. Астана, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Өскемен, Петропавл және Талдықорған қалаларында баға өзгеріссіз қалды.

Мәселен, бір аптада Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Жезқазған, Көкшетау, Қарағанды, Қонаев, Қостанай және Қызылорда қалаларында картоп бағасы арзандады.

Астана, Жезқазған, Қостанай, Қызылорда, Орал және Түркістанда пияз бағасы, Астана, Ақтөбе, Жезқазған, Қонаев, Қызылорда қалаларында қырыққабат бағасы төмендеді, деп жазады Ranking.kz.

Қазақстандағы инфляция бір жылда 18 пайызға дейін өсті. Азық-түлік тауарларының бағасы 20,5%-ға, азық-түлік емес тауарларға – 18,1%-ға, ақылы қызметтерге – 14,4%-ға өсті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр