Үсік, қар және бұрқасын: 20 қазанға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" синоптиктері 2026 жылғы 20 қазанда Қазақстанда қандай ауа райы болатынын мәлімдеді. Бірқатар өңірде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады, ал түнде 7 градусқа дейін үсік күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2026 16:55 Сурет: ЖИ көмегімен жасалды
"Қазгидромет" синоптиктері 2026 жылғы 20 қазанда Қазақстанда қандай ауа райы болатынын мәлімдеді. Бірқатар өңірде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады, ал түнде 7 градусқа дейін үсік күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандардың болжамынша, түнде Жетісу облысында, Жамбыл облысының батысы мен шығысында 2–7 градус үсік жүреді. Қызылорда облысының шығысында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.

"Атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігі мен шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Қазақстанның қалған аумағында ауқымды антициклон жотасының ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ел аумағында жел күшейіп, тұман түседі, ал оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Бірқатар өңірде өрт қаупі де сақталады.

Өрт қаупі жоғары болатын өңірлер:

  • - Атырау облысы;
  • - Маңғыстау облысының орталық бөлігі;
  • - Батыс Қазақстан облысының батысы, оңтүстігі мен шығысы;
  • - Ақтөбе облысының шығысы;
  • - Қызылорда облысының солтүстігі;
  • - Қостанай облысының оңтүстігі;
  • - Түркістан облысының батысы мен солтүстігі.

Төтенше өрт қаупі күтілетін өңірлер:

  • - Қызылорда облысы;
  • - Ақтөбе облысының батысы, оңтүстігі мен орталығы;
  • - Атырау облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысы;
  • - Қарағанды облысының батысы;
  • - Ұлытау облысының батысы мен орталығы;
  • - Жетісу облысының шығысы.

Бұған дейін "Қазгидромет" жылдың суық кезеңіне арналған консультативтік маусымдық болжамын жариялаған еді. Оған сәйкес, 2026 жылғы қарашадан 2027 жылғы наурызға дейін Қазақстанда ауа температурасы +25 градустан −18 градусқа дейін құбылып, жаңбыр, қар және жылбысқы қар жаууы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: