Президенттің атына жазылған арыз-шағымдардың саны үш жылда екі есе өскен

Сурет: pixabay
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте әрбір аймақтың өз ерекшелігі және "әлсіз тұстары" бар екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның сөзінше, өкінішке қарай, әкімдер соны біле тұра, алдағы қиындықтарды уақтылы бағамдай алмайды. Жауапкершілікті өзіне алып, дер кезінде шешім қабылдаудан қашады.

"Жаңа жылдан бері Президент Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауында 811 адам болды. Соның 730-ын кестеден тыс, яғни табан астында жедел түрде қабылдауға тура келді. Олардың арасында барлық аймақтың тұрғындары бар. Президенттің атына жазылған арыз-шағымдардың саны үш жылда 2 есе өсті".Қасым-Жомарт Тоқаев

Осы орайда Президент Азаматтарды қабылдау орталығы құрылғалы жатқанын атап өтті.

"Бұл орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының азаматтармен тікелей байланыс стандартын орнатуға мүмкіндік береді. Әкімдер жергілікті жерлерде де осындай жұмыстар жүргізуге тиіс". Қасым-Жомарт Тоқаев

Ол халықпен коммуникацияның барлық вертикалының сапасы Үкіметке, әдістеме мен бақылау Президент әкімшілігіне жүктелетінін баса айтты.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты