"ҚазТранГаз Аймақтың" металл тұрбаларын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Сурет: polisia.kz
Ұлттық компанияның ірі мөлшерде металл тұрбаларын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.


21 сәуірде Индер-Махамбет магистральды газ құбырларын заңсыз шығару арқылы "ҚазТранГаз Аймақ" АҚ ұлттық компаниясының қорына ірі мөлшерде залал келтірумен байланысты қылмыстық істерді тергеу аясында Атырау облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратура органдарының үйлестіруі бойынша 1978, 1984, 1988 жылдары туған, күдіктілерді анықтап, ұстады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігімен, яғни бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша жүргізіліп жатыр.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Басқа мәліметтер тергеудің құпиялығын қамтамасыз ету мақсатында Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды