Бұл жөнінде өңір басшысы Instagram-дағы парақшасында жазды.
"Біз жақын арада Риддер жылу электр орталығын жөндеуді бастаймыз, бұл кешенді тәсіл – барлық алты қазандық агрегаттарын және жылу орталықтарын күрделі жөндеу болады. Жаңа жылыту маусымында төтенше жағдайлар болмауы үшін 15 қыркүйекке дейін барлық жөндеу жұмыстары аяқталуы керек," – деп жазды Даниал Ахметов
Ол бұған ұажет қаржылық мүмкіндіктер бар екенін, жабдықтың бір бөлігі сатып алынғанын айта келе, Риддер ЖЭО коммуналдық меншікке берілуі мүмкін екенін атап өтті.
"Жылу көзінің кредиторлық берешегі үш миллиард теңгеден асады, тиісті талап арыздар берілді. ҚР Президентінің тапсырмасын орындау аясында еліміздің энергетикалық объектілерін мемлекет меншігіне алу туралы заң әзірленуде және оны қабылдағаннан кейін Риддер ЖЭО коммуналдық меншікке берілуі мүмкін". Даниал Ахметов