Абай облысында эвакуацияланған түлектер емтиханды Семейде тапсырады

Сурет: pixabay
Абай облысында эвакуацияланған 9, 11 сынып түлектері мектеп бітіру емтихандарын Семей қаласында тапсырады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның сөзінше, өңірде қауіпсіз аймаққа эвакуацияланған тұрғындардың арасында 64 бала бар. Олар отбасыларымен бірге Семейдегі екі колледж ғимаратына орналастырылған.

"Эвакуацияланған 9,11-сынып түлектерінің қорытынды емтиханды кедергісіз тапсыруы үшін барлық жағдай жасалып жатыр, мектеп бітіру емтихандары Семейде ұйымдастырылады", – деп жазды Бейсембаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ведомство басшысы сондай-ақ апат салдарынан асыраушысынан айырылған отбасылардың балалары жаңа оқу жылында білім алуын еш кедергісіз жалғастыруы үшін мектеп формасымен, қажетті оқу құралдарымен және ыстық тамақпен қамтылатынын айтты.

"Балалардың құқықтарын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету министрліктің үнемі бақылауында", - деді министр.

Бұдан бөлек, Балалар құқығын қорғау комитеті төрағасына асыраушысынан айырылған отбасылармен жеке кездесіп, балалардың психологиялық кеңес алуына, жазғы сауықтыру лагерлерінде демалуына барлық жағдайды ұйымдастыру тапсырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы