Ұлытау облысының тұрғыны полицияға 98 жылдық тарихы бар тапаншаны тапсырды

Сурет: ҚР ІІМ
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының 32 жастағы тұрғыны полиция қызметкерлеріне Намбу тапаншасын тапсырды.

Жаңаарқа ауданының тұрғыны Ерсін Тәжмағанбетов жертөледе құрылыс жұмыстарын жүргізуде кезінде жерге көмілген тапаншаға ұқсас затты тауып алған.

Аудан тұрғыны Дереу полицияға хабарласып, табылған затты өткізген. Облыстық полиция департаментінің жедел-криминалистерінің сарапшылары жүргізген зерттеу барысында бұл қарудың бір ғасырға жуық тарихы бар екені анықталды.

Намбу 14 тапаншасы 1925 жылы Намбудың 4 тип тапаншасының дизайны негізінде жасалған Жапон тапаншасы. Намбу тапаншалары 1920-1940 жылдардағы Жапон императорлық армиясының негізгі жеке қаруы болған, олар Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанға дейін шығарылды.

Полицейлер қаруды тапсырған азаматқа алғысын білдірді. Табылған тапанша тарихи жәдігер ретінде алдағы уақытта облыстық музейге тапсырылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Президент 2026 жылғы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қатысушыларын марапаттады

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді