Павлодарда 10 ветеринар жалған дипломмен жұмыс істеген

Сурет: pixabay
Павлодар облысында 10 ветеринар жалған дипломмен жұмыс істеген. Кейбірі тіпті осы салада 15 жылға таяу қызмет атқарған.

Бірақ жұмыс барысында кәсіби біліктілігі шала екендігі білініп қалған.

Әбден зәрезеп болған тұрғындар мал дәрігерлерінің арнайы білімі жөніндегі құжатының қаншалықты заңды екендігін тексеру үшін құқық қорғау органдарына арыз жазған, деп жазады qazaqstan.tv.

Сол себепті облыстағы 400-ден аса ветеринар маманның дипломы түгелдей тексерілді. Қазір жалған диплом иелеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Бүгінгі күні бұл адамдар бәрі жұмыстан шығарылды. 10 дипломның ішінде төртеуі Ресейден, қалғаны бәрі өзімздің Қазақстан Республикасынан. Біздің мекемеміздің құзыретінде тек қана сол жұмыстан шығару, әрі қарай өзі жаңағы ішкі істер органдары өздері шешеді." Бақытжан Әбдірахманов, облыстық ветеринарлық станциясы басшысының орынбасары

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті