Заңсыз жүрген 40 гастарбайтер елімізден шығарылды

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан аумағында заңсыз жүрген 40 гастарбайтер елден шығарылды. Бұл Алматының көші-қон полициясы жүргізген 3 күндік тексеріс нәтижесінде анықталғандары.

Құзырлы орган үш күн ішінде мегаполисте көші-қон заңнамасын бұзудың 405 дерегін тіркеген. Оның 281-ін шетел азаматтары жасаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондай-ақ шетелдіктердің елімізде болу заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 115 отандасымыз әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Жұмыс беруші тоғыз отандасымыз шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін бұзған. ПД-нің қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 192 шетелдік орналастырылды. Сонымен қатар іс-шара барасында заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыру бойынша 5 қылмыстық іс тіркелді." Асхат Бутунчинов, Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Самұрық-Қазына" және ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Шымкентте Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі талқыланды

Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасы: Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль иеленді

"Көктайғақ, тұман, қатты жел". Жұмада еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды