Тоқаев Мұхаммед пайғамбар мешітіне зиярат етті

Сурет: akorda
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед пайғамбар мешітіне зиярат етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапары Исламда екінші қасиетті орын саналатын Медина қаласындағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне барудан басталды.

Мемлекет басшысы Мұхаммед пайғамбардың қабіріне зиярат етіп, дұға жасады.

Қазақстан Президентінің баруына орай оған ерекше құрмет ретінде Пайғамбар жерленген киелі орынның есігі ашылды.

Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Жидда қаласында өтетін "Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі" атты мемлекеттер басшыларының бірінші саммитіне қатысады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты