Теміртаудағы жылу электр орталығын жөндеу жұмыс күші жетпегендіктен кешеуілдеп жатыр

Сурет: primeminister.kz
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға Теміртау жылу электр орталығын жөндеуге жұмысшы жетпей жатқанына шағымданды. Осы жағдай нысандағы жұмысты кешіктіруде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Роман Скляр Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдің жылу беру маусымына дайындығын тексерді. Сапар барысында премьер-министрдің бірінші орынбасары Теміртау жылу электр орталығындағы жөндеу жұмысымен танысты, деп мәлімдеді үкіметтің баспасөз қызметі.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ 2-ЖЭО-сында жылу беру маусымына дайындық және жетінші қазандықтың құрылысы туралы кәсіпорынның бас директоры Владимир Яблонский баяндады. Оның айтуынша, үш қазандық пен үш турбиналы генераторды жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Сондай-ақ жетінші қазандықты салу бойынша маңызды жобаны іске асыру кешіктірілуде: нысанда жұмысшылар жетпей жатыр, негізгі жабдықтар кешігіп орнатылуда", – делінген хабарламада.

Бұл ретте Роман Скляр құрылыс-монтаждау жұмыстарын уақытылы аяқтау қажеттігін белгілеп, ескерту жасады. Ол жылу маусымына дайындық жүріп жатқан Топар, Шахтинск және Қарағандыға барды.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды