Шымкентте сатушыны ұрып-соғып, дүкеннен гүлді алып кеткен ер адам экс-полицей болып шықты

Шымкентте флористі қорлап, дүкеннен гүлді алып кеткен ер адам бұрынғы полицей болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның хабарлауынша, бұл оқиға 8 мамырда болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адам флористі қорлап, дүкеннен гүл шоғын алып кеткен. Тұран аудандық полиция басқармасының 102 арнасына жанжал туралы қоңырау түскен.

Оқиға орнына учаскелік инспекторлар барған. Алайда дүкен иесі мән-жайды нақтылау барысында ешкімге шағымы екенін айтып, арыз жазудан бас тартқан.

Бұл жайтқа қатысты Тұран аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен "Жәбiрленушiнiң өмiрiне н/е денсаулығына қауiптi емес күш қолданып тонау" сотқа дейінгі тергеу басталған.

"Сондай-ақ істің ақ-қарасын ажырату кезінде қара футболка киген азамат биылғы 19 мамырда отбасылық себептерге байланысты өз өтінішімен ішкі істер органдарынан босатылған Қаратау аудандық полиция басқармасының бұрынғы қызметкері екені анықталды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Шымкенттегі "Romantic" гүл дүкенінде болған екі оқиға үлкен қоғамдық резонанс тудырды. Полиция бұл жайттың егжей-тегжейін айтып берді.

Шымкент
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: