Қазақстанның бес қаласында ауаның жоғары ластануы күтілуде

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК-ның болжамы бойынша 23 тамызда Қазақстанның бес қаласында ауаның ластануы жоғарылайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжауынша, Ақтау, Алматы, Өскемен, Риддер қалаларында және түнде Астанада ауада зиянды қоспалар көбейеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың ( жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Бұған дейін Жамбыл облысының алты ауданында су мен жылу тапшылығына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілген болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді