Күздің алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамы

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 2023 жылдың 31 тамызы мен 2 қыркүйегі аралығындағы Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдағы үш тәулікте республикамыздың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Синоптиктер найзағай ойнап, қатты жел тұрып, жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін деп болжайды.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауып, салдарынан сынап бағаны күрт төмендейді деп болжанады. 

"Республикамыздың солтүстігінде ауа температурасы күрт төмедейді деп күтіледі, түнгі уақытта сынап бағаны: +5 + 10°C , күндіз: +10+18°C". "Қазгидромет" РМК

Синоптиктер атап өткендей, Қазақстанның батысында ғана жоғары атмосфералық қысым әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, сондай-ақ күндіз ауа температурасы +25+30 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі деп болжанады. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтар Республика күнінде қалай демалады

Ресейдегі маймыл шешегі: Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады

2027 жылғы жәрдемақылар: eGov Mobile қосымшасында отбасылардың әл-ауқатын бағалау калькуляторы пайда болды

Бублик пен Рахмонов Алматыда көз арбасу өткізді

Батыс Қазақстан облысында мұғалім 4 млн теңгеден астам қарызын бөліп төлеуге мүмкіндік алды