Қазақстандағы 11 жекеменшік жылу электр орталығында жағдай сын көтермейді

Сурет: Zakon.kz
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында 11 жекеменшік жылу электр орталығы қызметін тексеру қорытындысы қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР үкіметі баспасөз қызметінің мәліметінше, прокуратура органдары 11 жекеменшік ЖЭО-да жылу-энергетика және табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді. Тексеру барысында кейбір нысанда жүйелі кемшіліктер мен заң бұзушылықтар анықталды. Әр станцияда қондырғылардың әбден тозығы шыққан, бұл жылу беру маусымында апаттарға әкелуі мүмкін.

"Талқылау қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға станцияларда күрделі жөндеу мен модернизациялауды қамтамасыз ету бойынша меншік иелерімен жұмыс жасау тапсырылды. Үкімет басшысы 2023-2024 жылдарға арналған нақты жұмыс кестесін белгілеп, оның орындалуын бақылауды талап етті. Міндеттемелер бұзылған жағдайда станцияларды мемлекет меншігіне қайтару шаралары қабылданатын болады", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ комиссия отырысында еліміздің ірі өнеркәсіп кәсіпорындарын газбен қамтамасыз ету саласындағы тиімсіз монополист делдалдарды жою мәселесі де талқыланды. Тиісті инфрақұрылымы бар бұл компаниялардағы мемлекеттік үлестер кезінде арзандатылған бағамен жеке қолға өткен. Нәтижесінде бұл газ тасымалдау нарығының монополиялануына және қызмет көрсету тарифтерінің көтерілуіне алып келді.

"Әлихан Смайылов уәкiлеттi ведомстволарға осы активтердi ҚР заңнамасының талаптарына сай мемлекет меншiгiне қайтару мәселесiн жедел пысықтауды тапсырды", – деп мәлімдеді премьер-министірдің баспасөз қызметі.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды