Алматыда Сайын көшесіндегі жерасты өткелі ұлттық стильде салынған суретпен безендірілді

Сурет: Алматы әкімдігі
Биыл маусым айында өткелді жөндеу басталған еді. Жобаға металл конструкциясын қосу арқылы шатырды жөндеу, бейнебақылау камераларын орнату, кабельдерді ауыстыру кірген еді.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Абай даңғылының солтүстігіндегі Сайын көшесіндегі жерасты өткелінің жай-күйін тексерді. Ол өткелді жарықтандыру сапасына ерекше назар аударды.

"Біз барлық өткелде жарық болуы керек деп келістік. Жерасты өткелі де жарық болуға тиіс. Қосымша жарықтандыруды жасау керек. Біздің міндетіміз — азаматтарға барлық жағдайды жасау. Олар өзін қауіпсіз сезінуі қажет", — деді Ерболат Досаев. 

Өткел қабырғасында беташар, асық ату, жіп иіру, теңге ілу сынды қазақтың дәстүрлері мен ұлттық ойындарын бейнелейтін көркем суреттер болады. Әкім шшеберлерге шабыт пен сәтті жұмыс тіледі.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты