"Ғабитке сәлем айтыңыз!". Стадионда Головкинмен сөйлескен ер адамның кім екені белгілі болды

Сурет: видеодан алынды
Әлеуметтік желіде "GGG-дің" стадионда бейтаныс адаммен сөйлескен сәтінің видеосы кеңінен тарауда. Видеода Головкин ер адамға: "Ғабитке сәлем айтыңыз", - дейді. Сөйтсе ол Шымкент қаласының қазіргі әкімі Ғабит Сыздықбеков болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz Головкинмен сөйлескен видеодағы ер адам оңтүстік мегаполистің жаңа әкімінің әкесі, кәсіпкер Әбдімәжит Сыздықбеков екенін нақтылайды. Ол кісі Геннадий Головкинге 2015 жылы Монакодағы жекпе-жегі кезінде эксклюзивті шапан сыйлаған екен. Ер адам өзінің кумирін көріп, оған еткен еңбегі, патриотизмі үшін тағы да алғыс айтып, оны ұлы боксшы деп атады.

"Сіз Қазақстанды бүкіл әлемге, Америкаға, Мексикаға таныттыңыз. Геннадий Головкинге рақмет айтамыз. Сіз сияқты боксшылар көбейе берсін. Бірақ сен жалғызсың, ұлысың", - дейді Әбдімәжит Сыздықбеков видеода.


Геннадий Головкин әңгіменің соңында: "Ғабитке сәлем айтыңыз", - дейді. Соған қарағанда атақты спортшы Шымкент қаласының жаңа әкімі Ғабит Сыздықбековті жақсы танитын сияқты.


Айта кетсек, 10 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Еуро-2024  іріктеу матчында Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен жеңіп кетті. Матчқа 28 458 көрермен қатысты, олардың арасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен атақты боксшы Геннадий Головкин де болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр