ҰБТ-ның 2024 оқу жылына арналған шекті балдары жарияланды

Сурет: Instagram/testcenterkz
Ұлттық тестілеу орталығы 2024 жылы ҰБТ тапсыратын талапкерлерге үндеу жариялады. Орталық екі пән бойынша шекті балл төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

21 қыркүйектегі жарияланған ақпаратта айтылғандай, "Математикалық сауаттылық" және "Оқу сауаттылығы" пәндері бойынша шекті балл үш балға дейін төмендетілді. Бұрын бұл пәндер 5 баллдан кем болмауы керек еді.

Сарапшылар тестілеу форматы өзгеріссіз қалатынын түсіндірді: 5 пән (3 міндетті + 2 негізгі).

Айта кетейік, 2023 жылдың 13 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру ережелеріне өзгеріс енгізілгенін хабарлады. Оның айтуынша, ҰБТ-2024-те тест тапсырмаларының саны өзгеріп, бейіндік пәндер бойынша тапсырмалардың жаңа түрі қосылып, тестілеу уақыты қысқарады.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда тағы бір жаңа айыппұл түрі пайда болуы мүмкін

Семейде ер адам аспалы көпірден құлап кетті

15 маусымда қай өңірлерде аптап ыстық болады

Көкшетауда найзағай түсіп, жеке үй отқа оранды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады