3 қазанда Қазақстанда күн райы қалай құбылады

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 3 қазанға арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің солтүстік және оңтүстік облыстарына антициклон сілемінің ықпалы болады, онымен ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанды.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның оңтүстік-шығысында, шығысында, орталығында және батысында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

"Республика бойынша тұман күтіледі, елдің оңтүстігі мен батысында екпінді жел соғады. "Қазгидромет" РМК

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Желдің екпіні 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +2+4°C, топырақ бетінде 1 градус аяз, күндіз +13+15°C.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауады. Шығыстан соғатын желдің екпіні 2-7 м/с болады. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +19+21°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 8-13 м/с болады. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +23+25°С.

Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы