Алматыда жезөкшелікпен айналысқан Өзбекстан азаматтары ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Полиция қызметкерлері жеңіл жүрісті қыздарды "Заңсыз келуші" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықтады.
"Іс-шара аясында шетел азаматтары ең көп шоғырланған орындарда: жатақханалар, қонақ үйлер, құрылыс алаңдары, қоғамдық тамақтану орындары және тағы басқа қоғамдық орындарда рейдтер жүргізілді. Осылайша, қонақ үй кешендерінің бірінде интимдік қызмет көрсететін әйелдер ұсталды. Олардың арасында 7 өзбекстандық бикеш бар. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ шетелдік әйелдер орналастырылады. Алдағы уақытта көші-қон заңнамасын бұзғандар үшін жауапкершілікке тартау, соттау және Қазақстаннан шығару қарастырылады", – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Естеріңізге сала кетейік, 2 қазан мен 8 қазан аралығында қалада ҚР-да заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтауға, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуге бағытталған "Зансыз келуші" жалпы республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек